Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БИЫЛ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 15 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРАДЫ

Жаңа оқу жылында Атырау облысында 14 мың 880 бүлдіршін бірінші сыныпқа барғалы отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова мәлім етті.

«Осы оқу жылында 14 мың 880 оқушы мектепке келеді деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта 12 мың 468 оқушы 1-сыныпқа баруға өтініш білдірді. Оның ішінде электронды жүйе арқылы 12 мың 444 өтініш берілген. Құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталды», - деді Э.Тұңғатарова.

Айта кетейік, Атырау облысында өткен оқу жылында 16 мың 259 оқушы бірінші сыныпты тәмамдады. Ал биыл неше бірінші сынып жасақталатыны құжаттар толық қабылданып болған соң белгілі болады.  Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады. 

Қасиет Бахкерейқызы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз