Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«БАЛДӘУРЕН» ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Жазғы демалыс басталысы мен балаларымыз жазғы лагерьге асығады. Осы тұста, аудандық оқушылар үйінен ашылған «Балдәурен» жазғы демалыс лагері жұмысын бастады. Оған Миялы ауылдық округінен 70 оқушы, басқа да ауылдық округтердегі филиалдардан 70 оқушы қабылданды.

Негізінен, лагерь 1 маусым мен 31 тамыз аралығында 10 күннен жұмыс жасайды.  Лагерь барысында әр түрлі үйірмелер мен бірге, тәрбиелік және спорттық шаралар  ұйымдастырылады.

- Аудандық оқушылар үйінде «Балдаурен» жазғы демалыс лагері 3 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Жыл сайын жүзден аса оқушы бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында қатыстырылады.  Биылғы оқу жылында 140 оқушы қамтылып отыр. Әрине, лагерьдің өзіндік тәрбиелік бағыты мен қоса, спорттық шараларды жиі ұйымдастырамыз. Соған орай, арнайы сыйлықтарымыз да бар. Қазіргі уақытта, баланың назарын дұрыс бағытқа аудару парыз. Сол себепті де лагерь барысында, жүргізіліп жатқан жұмыстар оқушылардың уақытын пайдалы іске жұмсау болып табылады, дейді аудандық оқушылар үйі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлсезім Айтжанова.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз