Бұл туралы Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатәрова хабарлады, деп жазады AtyrauPress.
Республикалық қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған олимпиаданың қорытынды кезеңіне Атырау облысынан 21 оқушы қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша біздің команда үздік нәтиже көрсетіп, 2-орынға ие болды және «Үздік олимпиадалық команда – 2024» атағына лайық деп танылды.
Айта кетейік, 12 оқушы жүлделі орындарға ие болып, 3 оқушы арнайы грамоталармен марапатталды.