Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

КИБЕРҚАУІПСІЗДІК АЙЛЫҒЫ АЯСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Атырауда 50-ге жуық жастың қатысуымен Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы мен Атырау облысы Полиция департаментінің бірлесуімен киберқауіпсіздік тақырыбына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Шара оқушыларға бағытталып, қазіргі цифрлық кеңістіктегі қауіп-қатерлер туралы түсіндіруге арналды. Спикер ретінде Атырау облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Муханбеталиев Дәурен Максимұлы шақырылды. Кездесу барысында интернет алаяқтарының жиі қолданатын айла-тәсілдері, өзекті кибер қауіптер, «дроппер» ұғымы және оған қатысты заңнамалық жауапкершілік мәселелері жан-жақты талқыланды.

 Сонымен қатар оқушыларға жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелерден аулақ болу және күмәнді жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау органдарына жүгіну қажеттігі туралы нақты ақпарат берілді. Шара жасөспірімдердің цифрлық сауаттылығын арттыруға және интернеттегі дербес қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT