Құрметті медицина университеті түлектері, ата-аналар, облыс тұрғындары!
Атырау облысының әкімдігі 2022-2023 оқу жылдарына арналған жергілікті бюджет есебінен резидентураға конкурстық негізде білім беру гранттарына құжат қабылдау басталатындығын хабарлайды.
Құжаттар қабылдау 2022 жылдың 18-25 тамыз аралығында, жергілікті уақыт сағат 09.00 – 17.00 дейін, Атырау қаласы, Студенческая көшесі, 1 үй мекен-жайында (Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «Экономика және Құқық факультеті» базасында) жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттарды тапсыру қажет.
1) өтініш (еркін нысанда);
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) түсу емтиханын тапсырғаны туралы балы көрсетілген анықтамасы (резидентура үшін);
4) еңбек кітапшасының көшірмесін (бар болған жағдайда);
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
6) скоросшиватель