ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов колледж директорларының төмен жалақы алатынын сынға алды.
Оның айтуынша, колледж директорлары мектеп мұғалімдерінен төмен еңбекақы алады.
«Сондықтан бұл жерде өте маңызды өзгерістер қажет. Министрліктің де өз ұстанымы бар – біз тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, келесі оқу жылында бұл міндетті толық шешу үшін бар күшімізді саламыз», - деді министр елордада өткен тамыз конференциясының «Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер» панельдік сессиясында.
А. Аймағамбетов атқарылған жұмыс нәтижелерін атап өтті. Қазіргі уақытта колледж педагогтері санатын көтергені үшін қосымша ақы ала алады. Бұрын бұл аттестаттаудан өту үшін жасалатын.