Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АСЫҚТАН ОЙЫН ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАДЫ

ФОТО ҒАЛАМТОРДАН АЛЫНДЫ

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асыру – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандартында айқындалған міндеттерді орындауды талап етеді.

Стандарт талаптарында: "Балабақшада тәрбиелеу – білім беру процесінде әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу жүзеге асырылады"  деп жазылған. Осы тұста, жеке тұлға болмысын қалыптастыруды мақсат еткен Мұқыр ауылдық округіндегі «Алтын кілт» балабақшасын тілге тиек еткенді жөн көрдім. 
Ұжым бүлдіршіндердің қоғамға өзіндік пайдасын тигізер тұлға болып дамып жетілуі жолында тындырымды жұмыстар атқарып келеді. Мәселен, бірден-бір тәрбие құралы – ұлттық ойындар. Оның қай түрі болса да салт-дәстүріміз бен болмысымыздың ажырамас бөлігі. Бұрынғы кезде қазақ балаларының ең қызықты ойыншығы асық болғаны анық. Асық – балалардың ой санасын табиғи жолмен дамытудың ең тиімді жолы. Осы орайда, балабақша педагогтары асықтан түрлі ойын құралдарын жасап, күнделікті балалармен ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмыстарында көмекші құрал ретінде қолданады. Ендеше, жаңалықтарға толы қоғамда ұлттық құндылықтарымызды қай жағынан алып қастерлесекте артық болмас.

Айкен ҚАЛАМБАЕВА,
 «Алтын кілт» бөбекжай балалар
 бақшасының әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521