Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қашықтан оқытудың мұғалім жалақысына әсері қандай?

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қашықтан оқыту кезінде мұғалімнің жалақысы азаймайды.

Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова онлайн брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қашықтан білім беру жағдайында мұғалім жұмысты көп істемесе, аз істеп тұрған жоқ. Өйткені, осыған дейін бір сыныптың ішінде оқушылармен жұмысты тиімді ұйымдастырған болса, қашықтан оқыту кезінде әр оқушымен жеке жұмыс істеп отыр. Сәйкесінше, мұғалімнің жұмысы азайған жоқ. Сондықтан сіздердің еңбекақыларыңыз толықтай сақталады», - деді вице-министр.

Осы орайда, ол мұғалімдер оқу жоспарына байланысты жүргізетінін, сол бойынша ебекақы төленетінін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Шолпан Каринова қашықтан оқуда мұғалімдерден есеп беру талап етілмейтінін атап өтті. Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі жүйесінде «маршрут парағы» деген құжат жоқ екені, бұл құжаттың мұғалімдерге еш қатысты еместігі айтылды.

Айта кетейік, Қазақстанда мектеп оқушыларының сабағы жаз айларына шегерілмейтіні түсіндірілді.

Дереккөз: inform.kz

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT