Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Аймақта 159 мектепте ерекше балаларға жағдай жасалған

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев тамыз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Өңірде ерекше білімді қажет ететін 6653 бала бар, - деді ол. – Олардың білім алуына 159 мектепте (81%) жағдай жасалған. Осы көрсеткішті 2025 жылға дейін 100 пайызға жеткізу міндеті тұр. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Осы орайда, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетін ашу ғимарат тапшылығына байланысты мүмкін болмай отыр. Атырау қаласы бойынша ерекше білімді қажет ететін балалар үшін екі психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орталығы қажет.

Айта кетейік, 2020-2021 оқу жылында «Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігі бастамасымен Индер ауданында​ инклюзивті білім беретін арнайы сынып​ ашылған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT