Бүгінгe дейін Атырау қаласындағы аграрлы-техникалық колледж оқу ғимаратының төртінші қабаты жатақхана ретінде пайдаланып келді. Келер жылы жаңа ғимараттың құрылысы басталады. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова мәлім етті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-Жыл сайын барлық колледжге орташа жөндеу жүргізіліп келеді. Бүгінде ол жұмыстар аяқталды. Ал аграрлы-техникалық колледжде күрделі жөндеу жүріп жатыр. Ол сабақ басталғанға дейін аяқталады,- деді О.Биманова.
Жалпы облыс бойынша 24 оқу орны болса, оның 17-нің өз жатақханасы бар. 17 мыңнан астам студенттің 1300-ден астамы жатақханаға тұрады.