Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Зорлық-зомбылық болмауы тиіс

Қоғамда зорлық-зомбылықтың болмауына ықпал тигізіп, балалар мен әйелдерге, қарттарға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Жасұлан» балабақшасында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында шара өтті.

Онда балабақша тәрбиешілері «Шаңырақ» және «Әділет» топтарына бөлініп, өзара сайысты. Олар алдымен өз топтарын таныстырған соң өнерлерін көрсетіп, «Жанұяда қатыгезсіз әлемді қалай орнатуға болады?» тақырыбында эссе жазды. Сондай-ақ, отбасындағы зорлық-зомбылық бағытында қойылған сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдердің мағынасын көрініс арқылы көрсетті. Нәтижесінде, «Шаңырақ» тобы жеңімпаз атанды.

Шараға қатысқан аудандық аналар кеңесінің төрайымы Бағытжамал Жұмабаева, аудандық білім бөлімінің бас маманы Бақтыгүл Нұғманова, аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Бекзат Байжандар өз пікірлерін ортаға салды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз