Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»

Тәуелсіздік мерекесі ауданда сән-салтанатымен тойланып, өз дәрежесінде аталып өтті.

Осы орайда, «Арман» мәдениет үйінде салтанатты шара ұйымдастырылып, ең алдымен шара қонақтары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың және ақын-жазушылардың Тәуелсіздік жайында жазылған кітаптары мен жинақтары қойылған «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты көрмені тамашалады. Содан соң салтанатты шара мемлекеттік Әнұранмен басталып, Тәуелсіздіктің мәні мен мағынасын арттырған бейнеролик көрсетілді. Бұдан соң, сөз сөйлеген аудан әкімі Арман Баженов:

– Бұл мереке – егеменді ел атанып, тіліміз мемлекеттік мәртебе алған, ұлттық мәдениетіміз, салт-дәстүріміз қайта оралып, өз алдымызға ел болған күн. Барша аудан тұрғындарын айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздігіміз баянды болсын, – деген құттықтау тілегін білдіріп, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, «Астана 20 жыл» мерекелік медалін «Бірлік Миялы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымы Айжан Ізімова мен Сағыз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Серік Тұрышқа табыс етті.

Содан кейін ұзақ жылдар бойы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін Бижан Қалмағамбетов, Балбибі Есжанова, Құмар Хасанов, Халықберген Омаров, Сағызбек Тастеміров, Жаңыл Жұбаевалар «Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы» атағымен марапатталса, Әмір Сапаров, Қосымбай Өтебаев, Аманғали Жаңабаев, Жексенғали Қапез, Қайырғали Базарбаев, Елемес Дабысов, Дәмегүл Меңдіғалиева, Сайлаубек Темірғалиев, Сембай Сағынғалиевтарға «Ауыл еңбегі үшін» медалі табыс етілді. Сондай-ақ, бірқатар бөлім, мекеме қызметкерлері облыстық мәслихат хатшысы Өмірзақ Зинуллиннің, аудан әкімі Арман Баженовтың алғыс хатына ие болды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашты.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521