Аудандық орталық ауруханада әйелдерге қатысты күш көрсетудің алдын алып, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы маңызын арттыру мақсатында кездесу өтті.
Оған аудандық полиция бөлімінің ювенальды полиция тобы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы Бекзат Байжан, «Бәйтерек» мешітінің бас имамы Мұрат Сұлтанов, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің емхана жөніндегі орынбасары Мәдина Қанатқалиевалар қатысты.
Жиын барысында сөз алған аудандық полиция бөлімінің ювенальды полиция тобы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы Бекзат Байжан: – Аудан көлемінде әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес, 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығы «Әйелдерге қатысты зорлық-зомьылықсыз 16 күн» акциясы өткізілуде. Негізгі мақсат –әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу. Ананы ардақ тұтып, қыздарға құрметпен қарау керек екенін барлығы түсінсе де, отбасында зәбір көрсету деректері жиі тіркеледі. Бұл әрине, қуантарлық жағдай емес. Ұл өсіріп, қыз тәрбиелеп отырған соң отбасындағы тәрбие барлық дүниеден де маңызды. Кей кездерде шақырту түскен үйге барсақ, балаларының көз алдында ұрысып жатқан, не әйеліне қол көтерген жағдайлар кездеседі. Бұл жағдайлар бала психологиясына әсер етіп қоймай, болашақта бала көргенін қайталауы мүмкін. Сондықтан, отбасындағы бала тәрбиесіне қатты көңіл бөліп, отбасы тынышытығын сақтауымыз керек, – деді.
Сондай-ақ, жиында «Бәйтерек» мешітінің бас имамы Мұрат пен аудандық орталық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Балбибі Исжанова сөз сөйлеп, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында брошюралар таратылды.
Гүлмира МАҚСОТ.