Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы №9 орта мектебінде ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция сержанты Шалқар Көшкінбайұлы Ақымғалиевтің есіміне кадет сыныбы ашылды.
Оқушылар Отанды қорғауға және еліміздің жас ұрпағы үшін нағыз батылдық пен ерліктің үлгісі болуға ант берді. Іс-шарада тәртіп сақшылары батыр полицейдің өмірі, қызмет еткен жылдары, ерлігі туралы айтып берді және бұдан былай сынып оқушылары батырдың есімін мақтанышпен алып жүретін болады. Кадет сыныбының ашылуы әскери-патриоттық тәрбиені арттыруда ерекше рөл атқаратынына сенімдіміз.
Оның тәрбиеленушілері таңдалған жолдың маңыздылығы мен жауапкершілігін сезінеді, сондай-ақ, өздерін қоғамға қызмет етуге арнағандардың ерліктері мен өмірі туралы әңгімелерді естеріне сақтап жүретін болады.