Аудан тұрғындардың сұранысы бойынша бүгіннен бастап Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен «Миялы-Атырау-Миялы» бағытына жолаушылар тасымалдайтын автобус шықты.
Елу алты адамдық «Van Hool» маркалы автобус «Батыс Тех Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарайды. Автобус таңертеңгі сағат 7.00-де «Керуен» сауда орталығы алдынан жүрсе, кешкі сағат 17.30-да Атырау қаласындағы автовокзалдың алдынан жүреді. Бағасы бір адамға 2500 теңге. Жолаушылар билетті Миялы ауылындағы «Керуен» сауда орталығынан, ал Атырауда автовокзалдан сатып ала алады. Сондай-ақ, билетті онлайн режимі арқылы да алуға мүмкіндік қарастырылған. Алайда ол кезде билет құны – 2620 теңгені құрайды. Әзірге мектеп оқушыларына ғана 50 пайыз жеңілдіктермен жүре алады. Ал, басқа да жеңілдіктер алдағы уақытта шешіледі. Айта кетер жайт, автобус Миялы ауылы мен Атырау қаласы арасындағы елді мекендерге тоқтамайды.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ