19 наурыздан 20 наурызға караған түнгі сағат 22:00-ден таңғы 06:00 аралығында көпірден түскеннен кейінгі Жангелдин бетіндегі Кіндіксай, Кенен бейіндегі жайылмадан келетін судың толқыны жел тұрып, тас жолдың етегіндегі топырақтарды құлатып қауіп төндіруіне қарсы Жангелдин ауылының ерікті жастарымен бірігіп қапшыққа құм салды.
Тас жолдың іргесін қорғау мақсатында жұмыстар жүргізілді. Жұмысқа барлығы 50-ге жуық ауыл жастары, округ әкімі аппаратының МТЗ-82 тракторы тіркемесімен, еріктілердің Газель автокөліктері жұмылдырылды. Барлығы 800 метр жерге 1200 жуық қапшыққа құм қапталып салынды.