Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жаз қызығы жасыл елмен!

Жаз бастала салысымен жастардың басын қосатын «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы іске асады.

Елімізде кең таралып келе жатқан бұл шараның бүгінде XVII еңбек маусымы басталды. Карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып Қызылқоға ауданы бойынша көгалдандыру бағытына – 75 сарбаз, құрылыс бағытына – 35 сарбаз квота саны бөлінді.

Қазіргі кезде маусым айы бойынша 25 көгалдандыру, құрылыс бағыты бойынша 15 сарбаз өз жұмыстарын бастап кетті. Алғашқы күндегі танысу жұмысынан кейін сарбаздар топ – топқа бөлініп, тазалық шарасын жүргізе бастады. Аудан жастарының басын қосқан бұл шарада 16-29 жас аралығындағы жастарды қамтыды.

Сарбаздарды тіркеу жұмысы «Жеті жарғы» қоғамдық бірлестігі арқылы жүзеге асты. Ал биылғы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жұмысы аудан орталығы Миялы ауылында өткізіле бастады.

Бақтыгүл ЕРКІН,

Халел Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік университетінің

3 курс студенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521