Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖӘРМЕҢКЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ БОЛА МА?

Бүгінде тұрақты жұмысының   жоқтығын сылтауратып масылдыққа бейімделіп алған жандар жетерлік. Әрине, бұл жақсы қасиет емес. Ал, масылдықтың алдын алатын бірден бір жол – жұмыссыздарды жұмысқа тартып, еңбекке араластыру. Осыған орай,  аудандық мансап орталығының ұйымдастыруымен  жұмыссыздар жәрмеңкесі өткізілді. 

Аудандық жастар ресурстық орталығының ғимаратында өткен жәрмеңкенің  басты мақсаты – 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жұмыссыздарға түсінік жұмыстарын жүргізіп, жұмыссыз борышкерлерді, пробация есебінде тұрған сотталушыларды, «Теңізшевройл» компаниясының келешек кеңею жобасынан босатылған  жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру.

Жәрмеңкеге аудан бойынша барлығы 63 жұмыссыз қатысып, олар аудан көлемінде жер қойнауын пайдаланып отырған мұнай компанияларына, Теңіз қалашығындағы және ауданға қарасты кәсіпкерлер мен мекемелерге өз мамандықтары бойынша түйіндемелерін тапсырды. Жәрмеңке барысында 22 мекемеден 47 бос жұмыс орны бойынша ұсыныс түсіп, жұмыссыздарға осы негізде жұмыстар ұсынылды.

Шара соңында аудандық Мансап орталығының мамандары жұмыс іздеушілердің түйіндемелерін жинақтап, мамандықтары бойынша тиісті мекемелерге жеткізетіндігін мәлімдеді.  

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT