Астана күні мерекесіне орай Сағыз, Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл, Жамбыл ауылдық округінде аз қамтылған отбасыларына, көпбалалы аналарға, үйлері апатты жағдайдағы 18 отбасына пәтер кілті салтанатты түрде табысталды.
Баспаналы болған көздіғаралық және ойылдық тұрғындардың қуанышына ортақ болған аудан әкімінің орынбасары Ерболат Иғали:
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған Жолдауында көпбалалы, жағдайы төмен отбасылардың мәселесіне ерекше назар аударып, олардың баспанамен қамтуда нақты тапсырмалар да берген болатын. Осы орайда, мереке қарсаңында
сіздерге баспана кілтін тапсырып отырмыз. Мерекемен тұспа-тұс келген қоныс тойларыңыз құтты болсын! - деді.
Сондай-ақ, салтанатты шарада Көздіғара ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Қайырбай Ерекенов, Жасқайрат ауылының тұрғыны Нұртай Құлбаевтар құттықтау тілектерін білдіріп, әжелер шашу шашты.
Бауыржан САҚТАСИНОВ