Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖҰМЫССЫЗДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Жұмыссыздар санын азайту мақсатында, ауданда ауқымды іс-шаралар жүзеге асуда. Соның бір айғағы бүгін Сағыз ауылында "Шұғыла" мәдениет үйінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Аудандық Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған жәрмеңкеге барлығы 68 адам қатынасты. Жер қойнауын пайдаланушы мердігер мекемелер мен Теңіз қалашығындағы мұнай компанияларынан, Сағыз ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтарынан 79 бос жұмыс орындары ұсынылды. «Сағыз Петролеум Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орталық инженерлік-техникалық қызмет бастығы Қуаныш Сейтмағанбетов, «Denholm Zholdas» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кадр бөлімінің үйлестірушісі Гүлмира Мажитова, кадр бөлімінің маманы Альфия Ермекова және «Тат-арка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әкімшілік көмекшісі Фарида Насановалар арнайы келіп қатынасып, жұмыссыздарға бос жұмыс орындарын ұсынды. Сөйтіп, жұмыс іздеушілердің түйіндемелері жинақталып, мамандықтары бойынша тиісті мекемелерге жіберілді.

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз