Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалықтар съезд шешімдерін талқылады

Бүгін «Nur Otan»  партиясы аудандық филиалында партия активтерімен жиын өтті.

«Nur Otan»  партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев, аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері мен бастауыш партия  ұйымдарының қатысуымен өткен жиында «Nur Otan»  партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінің шешімдері талқыланды.

ebbdcf9e-f9f5-4638-86ba-3d4f36dcdb27
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасаған ХХІІ съезінің делегаты, «Nur Otan»  партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Толқын Бейсқалидың баяндауынша, партияның съезінде елімізде «Жаңа Қазақстан» құру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылатынын, ол істерге партия ұйытқы болуы тиіс екендігін атап өткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ретте, негізгі мәселе – партияны жаңарту болып табылатынын тілге тиек етті. Съезд барысында делегаттар саяси ұйымның атауын «Amanat» деп өзгерту туралы ұсынысты қабылдады.

ecbce6d2-4b2b-4c74-87ce-d895214bd1df

Сонымен қатар  жиында «Nur Otan»  партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Толқын Бейсқали партияны жаңғыртудың негізгі жеті басымдығына тоқталды.

Жиынға қатысушылар сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірген соң актив отырысын «Nur Otan»  партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев қорытындылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT