Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық депутаттарға мандат тапсырылды

Өткен аптаның жұмасы күні аудан әкімдігінде VІІ шақырылған аудандық мәслихаттың І сессиясы өтті.

Аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев, VІ, VІІ шақырылымның мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағалары қатысқан мәжілісте аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мақсот Мұқанов хабарлама жасады.

Оның айтуынша, аудан бойынша сайлаушылар тізіміне енген 19 321 сайлаушының 14 189-ы (73,44 пайыз) дауыс берді. Нәтижесінде, «Nur Otan» партиясы – 10855 дауыс (79,05 пайызы), «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 1020 дауыс (7,43 пайыз) «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 973 дауыс (7,09 пайыз), «Adal» партиясы 884 дауыс – (6,44 пайыз) жинады. Заңдылыққа сай «Nur Otan» партиясынан Альберт Аққайнанов, Айбар Алтыбаев, Айдана Жетібаева, Бақытжамал Жұмабаева, Беркін Сұлтанов, Венера Мырзағали, Қуаныш Айтуғанов, Сайлаубек Темірғалиев, Сәндігүл Дәуленова, Нұрбол Бижанов, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Жәнібек Кенжин, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Қайырбек Баймұратовтар аудандық мәслихат депутаттары құрамына еніп, оларға мандаттар мен төсбелгілер тапсырылды. Бұдан әрі мәслихат депутаты Сайлаубек Темірғалиев төрағалығымен жалғасқан сессияда Альберт Аққайнанов аудандық мәслихат хатшысы болып сайланды.

Сонымен қатар, сессия барысында тұрақты комиссиялардың төрағалары мен құрамы сайланып, 2021-2025 жылдарға арналған ауданның аумақтық даму бағдарламасы, аудан әкімінің №6 «Қызылқоға ауданын басқару схемасы туралы» өкімі бекітілді. Мәжілісте белсенді депутаттық және қоғамдық қызметі, сондай-ақ өңірдің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін VІ шақырылған аудандық мәслихаттың депутаты Сафура Сәрсенғалиева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімовтың «Алғысын» иеленсе, VІ шақырылған аудандық мәслихат депутаттары аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521