Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық 3 жүргізушіге айыппұл салынды

Республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында құрамында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аудандағы өкілі бар арнайы топ рейдке шықты.

Жол қауіпсіздігін сақтау, жол-көлік апаттарының алдын алу және заңсыз таксилерді анықтау мақсатында ұйымдастырылған рейд кезінде «Миялы-Атырау» бағытына жүретін таксилер тоқтатылып, құжаттары тексерілді. Нәтижесінде тоқтатылған 7 көліктің үшеуінің жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Асқат Құлбаевтың айтуынша былтырғы жылы аудан бойынша 14 адам, биылғы жылдың 4 айында 2 адам жол-көлік апатынан қайтыс болған. Еліміз бойынша 17 мамыр-16 маусым аралығында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы осындай апаттардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Рейдтік іс-шаралар 16 маусымға дейін жалғасатын болады.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз