Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"Арман" халықтық атағын қорғады

Жақында "Шынайы шымылдық" халықтық театрлары мен драма үйірмелерінің облыстық онлайн байқауы өтті.

Мақсат – театрлардың репертуарын қалыптастырып, замануи сахналық үрдісті дамыту, драма ұжымдарынының шығармашылық ізденістерін кеңейтіп, оларды халықтық деңгейге жетуге ынталандыру. Облыстық байқауда 16 халықтық театр мен 5 драма үйірмесі бақ сынады. Олардың ішінде аудандағы «Арман», «Самал», «Жангелдин», «Шұғыла» мәдениет үйлері бар.

Үш күнге созылған байқау қорытындысында «Арман» мәдениет үйі жанындағы халық театры жүлделі ІІІ орынды иеленіп, халықтық атағын қорғап шықты. Ал, «Самал» мәдениет үйі алғыс хатпен марапатталса, қалған екеуі алты айдан кейін халықтық атағын қайта қорғайды. Театр ұжымдарын өнер бәйгесіндегі жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521