Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада сегіз көлік иесіне айыппұл салынды

Заңсыздықтың жолын кесу мақсатында рейдтік тексерулер жүргізіліп тұрады.

Бөлімнің патрульдік полиция қызметкерлері, аудандық кірістер басқармасы және аулан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыстары жөніндегі бөлім қызметкерлерімен бірігіп аудан көлемінде жолаушылар мен багаж тасымалын кәсіп еткен тұлғаларға «Автомобиль көлігімен жолаушы мен багажды тасымалдау» қағидасының талаптарын бұзбау туралы және аталған қағида талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы туралы түсінік жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді.

Көптеген такси жүргізушілері жеке тасымалмен айналысып, табыс тауып жүрсе де заңға жүгінгенде «Таксист емеспін, өз автокөлігім, туысқанымды немесе досымды жеткізіп салуға бара жатырмын» деп, жауапкершіліктен жалтарады. Бұл жағдайға халықтың да кінәсі бар деп білемін. Өйткені, ақысын беріп, жалданып тұрған көлік иелерін жақтап ағайыным, досым сол үшін маған көмек беріп жатыр деп шығады. Ал, шын мәнісінде олай емес екенін біз де, олар да сезіп тұрады.

Бірақ, қорғаштай сөйлейді. Жазбаша түрде шағым түспегесін біз де ештеңе істей алмаймыз. Өткен жылы Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 571-бабымен 8 азаматқа қатысты жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаттарын бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оларға айыппұл салынып, шарасы алынды. Алдағы уақытта да тексеру жұмыстары жалғаса береді.

Асхат ҚҰЛБАЕВ,

аудандық Полиция бөлімінің

жергілікті полиция қызметі бастығы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT