Тарих қойнауына кеткен өткен жылда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында көңілге қонымды көрсеткіштер аз болған жоқ.
Мәселен, 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында аудан бойынша 653 сәби дүниеге келсе, 188 адам өмірден өтті. Сол уақыт аралығында 623 адам көшіп келіп, 985 тұрғын басқа жаққа қоныс аударған. Жалпы 1 қарашадағы мәлімет бойынша аудан халқы 30 752 тұрғынды құрады. Сондай-ақ, былтырғы жылдың ІІІ тоқсанында орташа айлық 244646 теңге болып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 17,5 пайызға өскен. Ал, ірі және орта кәсіпорындарда орташа айлық 334414 теңгені құрап, алдыңғы жылға қарағанда 19,5 пайызға көбейіп отыр. 2020 жыл ұлттық экономика үшін де жаман болған жоқ. 2020 жылғы қаңтар-қараша айларында негізгі капиталға 21893 миллион теңге инвестиция салынып, 2019 жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 37,5 пайызға өскен.
Ал, осы мерзім аралағында бөлшек сауда 2049,9 миллион теңгені құрап, алдыңғы жылға қарағанда 8,4 пайызға кеміген. Өнеркәсіп саласы бойынша 72430 миллион теңгені құрағанымен, алдыңғы жылдағы көрсеткіштен 5,4 пайызға төмен. Бұдан бөлек, ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі 12624,9 миллион теңге болып, 0,8 пайызға өссе, өткен жылдың 1 желтоқсанындағы мәлімет бойынша ауданда мүйізді ірі қара саны 30776 бас, қой мен ешкі 136039 бас, жылқы 16371 бас, түйе 1807 басты құрады. Аудан бойынша 2020 жылдың қаңтар-қарашада айларында шаруашылықтың барлық санаттарында (тірілей салмақпен) 10271,6 тонна ет, 14384,5 тонна сүт, 340,3 мың дана жұмыртқа өндірілді. Тұрғын үй секторы бойынша өткен жылда жалпы алаңы 12001 шаршы метр баспана салынып, нақты көлем индексі – 104,8 пайыз. Пәтерлер саны – 88 бірлік. Заңды тұлғалар саны 174 болса, осы кезең ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 141.
Сонымен қатар 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 1452 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10,4 пайызға өсті. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер 67,9 пайыз болса, шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 3,3 пайыз, шаруа немесе фермер қожалықтары – 28,8 пайыз болып отыр.
Файзада САУҒАБАЕВА,
аудандық статистика басқармасының басшысы
Сурет: ашық дереккөзден