Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Апат салдары жойылды

Кешегі ауа райының қолайсыздығына байланысты Қызылқоға ауданында бірнеше апат орын алғаны белгілі.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметіне сүйенсек, «Сағыз–Кереген» топтық су айдау станциясының тоқ көзі үзіліп қалғандығы жөнінде хабар келіп түскен. Түскен хабар бойынша сағат 14:26 - да Сағыз ст.№12 өрт сөндіру бөлімінің І-бөлімшесі Урал 4320 өрт сөндіру автокөлігімен азаматтық қорғау капитаны А.Хабдығалиев бастаған қызметкерлер жедел оқиға орнына барғанмен, ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқ желісінің ақауын таба алмады.

Сондықтан келесі күні Миялыдан арнайы трэколь (жол талғамайтын) автокөлігімен бригада жолға шығып, орын алған ақауды тауып, апаттың алдын алды. Қазіргі уақытта Сағыз бен Мұқыр ауылындағы апат жойылып, мамандардың өз жұмысына жауапкершіліктері мен табандылығының арқасында тұрғындар ауызсумен қамтылып, тоқ желілері қосылып, қалпына келді.

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз