Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада 19 825 тонна мал азығы дайындалды

Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ержан Нұралиннің айтуынша, алдағы қыстан шығу үшін ауданға 136 760 тонна шөп қажет болса, бүгінгі таңда 19 825 тоннасы дайындалған.

Жем - шөп қорын жасақтауға 117 трактор, 105 шабу агрегаты, 102 тырмауыш, 59 шөп тайлағыш пен 66 шөп тиегіш қатысса, 31 автокөлік пен 112 тіркеме дайындалған шөпті тасымалдауда.

Мал азығының бағасын тұрақтандыру мақсатында Ресей Федерациясына қарасты №22139 әскери бөлімімен келісе отырып, 11 шаруагерге Тайсойған сынақ алаңынан 22 000 гектар, ауданның жер қорынан (Темірбай, Жайыққожа, Тайман, Ұлықпан, Баба, Шеңгелді алқаптары) 10 мал азығын дайындаушыға 25 700 гектар жер беріліп, олармен меморандумға отырылды.

Келісімге отырған мал азығын дайындаушылар 250 келілік бір орама шөпті 6000 теңгеден сатса, 200 келілік бір орама шөпті 5000 теңгеден сату жоспарлануда.

– Меморандумға отырған пішен дайындаушылар 250 келі орама шөптің 500 данасын, 200 келілік орама шөптің 600 данасын ғана келісілген бағада сатуы тиіс болса, қалған бөлігін нарықтық бағада сатуларына құқықтары бар. Меморандум талаптарына сай сатылған орама шөптің бағасын, олардың тұрғындарға бөлінісін жергілікті округ әкімдері қадағалайды. Сондықтан, аудан тұрғындары ер[1]терек қолжетімді бағада мал азығын сатып алған дұрыс, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ержан Нұралин.

Бауыржан Бердіғалиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521