Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоға ауданының әкімі тағайындалды

Бүгін, 12 тамыз күні Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Қызылқоға мәслихатының депутаттарына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Аудан әкімі лауазымына жаңа кандидат Қанат Әзмұханов болды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қанат Әзмұханов Атырау қаласында дүниеге келген, Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген, Ресей Федерациясының Астрахан мемлекеттік университеті – құқықтану магистрі, Орталық Богемиялық қолданбалы ғылымдар және менеджмент институты – іскерлік әкімшілік жүргізу докторы.

a41b1ef2-7764-4758-8dfc-a60c16d9a7cc

Еңбек өтілі:
«Жүзе» ЖШС заң кеңесшісінің көмекшісі,заңгер
«КаспианПроджектСервисез» ЖШС директорының орынбасары, директоры, «RegionTransCom» ЖШС бас директоры;
Атырау облыстық «Nur Otan» партиясы филиалының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің консультанты, ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі (2010 ж. - 2012 ж.);
«KazTransOil-Logistik» ЖШС директоры (06.2012 ж. - 10.2013 ж.);
«Nur Otan» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (10.2013 - 03.2016 ж.);
Атырау қаласы мәслихатының хатшысы (04.2016 ж. - 10.2018 ж.);
«Region Trans Com» ЖШС кадрлар жөніндегі директоры (10.2018 ж. - 2020 ж.);
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры (2020 ж. - 08.2020 ж.);
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы (08.2020 ж. бастап бүгінге дейін).

Депутаттар облыс әкімі ұсынған кандидатураны қолдады.

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Қанат Әзмұхановқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521