Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоға ауданының әкімі тұрғындарды Конституция күнімен құттықтады

Құрметті қызылқоғалықтар!

 Сіздерді егемен еліміздің еңселі мемлекеттік мерекесі – Қазақстан Республикасының Конституция күнімен, шын жүректен құттықтаймын.

Биылғы Ата заң мерекесі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.

 Баршаңызға белгілі, 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда Конституцияның қабылдануы, барлық Қазақстандықтар үшін ерекше оқиға болды.

Ата заңымыз халықтың бірлігін, рухани келісімін нығайтып, қоғамдық және саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды.

Қоғамымыздың өркендеп дамуына қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата заңда бекітілген қағидаттар, өзінің өміршеңдігін толық дәлелдеді. Қазақ елінің бүгінде халықаралық қоғамдастық арасынан ойып орын алып, әлемдік аренада биік белестерге шыққаны – осының анық айғағы.

Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптастырып, әлемнің ең жетекші елдерімен жан-жақты саяси-экономикалық тең дәрежеде қарым-қатынас орнату, өркениет талаптарына сай іргелі реформаларды жүзеге асыру, демократиялық принциптерді құрметтеу сынды соңғы отыз жылда еліміз еңсерген биіктерге осы конституциямыздың аясында жетіп отырмыз.

 Сондықтан да, біздің бәріміз жарқын келешекке керуен тартқан Тәуелсіз еліміздің қарыштап дамуының тұғырлы кепілі – Конституциямыздың мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, әрқайсысымыз үшін де, отбасымыз үшін де маңызды екендігін терең сезінуіміз қажет.

Осынау ерекше күн қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт, береке, еңбектеріңізге жетістіктер тілеймін.

Алға қарай да аспанымыз ашық болып, жылдан-жылға егемен еліміздің басты құндылықтары – Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін.

Іргеміз берік, келешегіміз кемел болсын!

 

Құрметпен,

Нұрсұлтан Бисембиев,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз