Жылдағы дәстүр бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын арнады.
Жолдаудан зор үміт күтіп отырған халық үшін біраз мәселелелер қамтылып, ел болашағы жолында аянбай қызмет ету керектігі айтылды. Жыл сайын білім, ғылым, медицина салалары Жолдаудан қалыс қалған емес. Биыл да бұл мәселелер өз деңгейінде көтерілді. Соның бірі – медицина саласы. Өйткені, әлемді жайлаған коронавирус індеті біздің елді де айналып өткен жоқ.
Бір жылдан астам уақыттан бері денсаулық сақтау саласына үлкен күш түсті. Осы орайда «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білген» денсаулық саласының мамандары бірлесе жұмыс жасауда. «Короновиурс денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Күн сайын мыңдаған азаматымыз дертке шалдығып, талай адам өмірден өтуде.
Біз уақытты ұттырмай індетпен күресу іс-шараларын дереу қолға алдық. Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екендігіне еш күмән жоқ, Қазір Казвакқа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде» деді Мемлекет басшысы. Иә, қазіргідей уақытта вакцина мәселесі өзекті болып отыр. Жаңсақ пікірге еріп жүргендерде баршылық. Бірақ, қалыпты өмірге оралу үшін екпе алу дұрыс шешім деп білемін. Бүгінгі таңда аудан халқының 6500-ден астамы вакцина алды. Бұл да жаман емес. Халық арасында дұрыс түсінік қалыптасса дейміз.
Бұдан бөлек Жолдауда бөлінген қаражат Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға, коронавирус екпесінен бөлек жоспарлы екпе салуға жұмсалуы тиіс. Сонымен бірге отандық дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың үлесін 50 пайызға жеткізу керектігі айтылды. Яғни, дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтар өзімізден болса, оны өз қажеттілігімізге жарата алсақ жақсы емес пе?! Мемлекет басшысы айтып өткендей, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 35 пайызды құрайды екен. Алдағы уақытта осы бағытта жұмыс жасалса медицина саласында оң серпін болары анық. Жалпы, мемлекетіміздегі биліктің халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, заман ағымына сәйкес өзгере білуі қуантады.
Дәмеш ЕСҚУАТОВА, дәрігер, ауданның Құрметті азаматы