Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ КҮШЕЙТЕДІ

сурет ғаламтордан алынды

Жаңа Конституция жобасында өңірлерді дамытуға, жергілікті басқару жүйесін нығайтуға және халыққа жақын билік қағидатын іске асыруға бағытталған нормалардың қамтылуы аса маңызды әрі өзекті деп есептеймін.

Бұл өзгерістер жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырып, ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін береді. Соның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін күшейту, тұрғындардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту және өңірлердің дербестігін арттыруға бағытталған қағидаттар нақты көрініс тапқан. Бұл ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамытуға, жұмыс орындарын ашуға және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға тікелей ықпал етеді. Сондай-ақ, өңірлерді дамытуға конституциялық деңгейде басымдық берілуі орталық пен жергілікті билік арасындағы өзара тиімді байланысты күшейтіп, жергілікті мәселелерді жедел әрі нәтижелі шешуге мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, ауыл халқының сұранысына жедел жауап беруге жағдай жасайды. Бұл ретте, Жаңа Конституция өңірлердің теңгерімді дамуына, ауылдық аумақтардың әлеуетін арттыруға, сондай-ақ халықтың мемлекетке деген сенімін нығайтуға қызмет ететініне сенім білдіремін.

Амангелді БАҒДАРОВ,

Миялы ауылдық округінің әкімі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT