Конституцияны өзгерту – қоғам дамуының заңды талабы. Уақыт өткен сайын елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық өмірінде жаңа қатынастар қалыптасады. Осыған байланысты Конституцияға енгізілетін өзгерістер халықтың дауысын ескеріп, әділдік пен жауапкершілікті арттыра түседі.
Бұл өзгерістер халықтың өміріне жақсылық әкеледі деген ойдамын. Конституцияның басты ерекшеліктерінің бірі – адам құқықтарына бағдарлануы, яғни мемлекеттік биліктің, құқықтық тәртіптің негізгі мақсаты ретінде адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды бекітуі. Бұл ұстаным жаңа Конституцияның преамбуласы мен негізгі бөлімдерінде, сондай-ақ заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдарының қызметінде басымдыққа ие. Сондай-ақ жаңартылған Конституцияда «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты айқын көрініс тапқан. Бұл қағидат «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен тікелей байланысты.
Азамат ЖАҚСИЕВ,
Мұқыр ауылдық округінің әкімі




