Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоға ауданында жыл басынан бері 8 өрт тіркелді

Атырау облысында биылғы 7 айда техногендік сипаттағы 159 өрт оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 11 адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапқан.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, өткен жылмен салыстырғанда, өрт оқиғасы 13,5 пайызға, зардап шеккендер саны 8,3 пайызға төмендеген.

«Былтыр облыста 181 өрт тіркелді. Өрттің 69 дерегі тұрғын үйлерде болған еді. Ал, 46 автокөлікті жалын шарпыды. Атырау қаласының аумағында 100, Жылыой ауданында 16, Қызылқоғада 8, Құрманғазыда 8, Махамбетте 8, Исатайда 7, Индерде 5, Мақат ауданында 5 өрт болғаны анықталды. Тілсіз жаудың шығу ошағы тұрғын үй секторында – 63, автокөліктерде – 41, көпқабатты үйлерде – 20, сауда орындарында – 7, басқа да нысандарда 26 мәрте тұтанды. Ал, облыс аумағында биылғы 7 айда 159 техногендік сипаттағы өрт оқиғасы тіркеліп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 13,5 пайызға аз. Жалынның салдарынан 11 адам шегіп, былтырғыдан 8,3 пайызға төмендеді. Өкінішке қарай, өрттен 2 адам қаза тапты», - дейді департаменттің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Б. Қабақов.

Оның айтуынша, департамент қызметкерлері өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру, өрттің және төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау мақсатында 26 440 жеке тұрғын үйге барып, 78 897 тұрғынға 79 289 дана жаднама таратқан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT