banner_damu

Қызмет түрлерін түсіндірді

Жақында «Арман» мәдениет үйінде «Қазпошта» АҚ-ның көрсететін қызметтері мен жаңа жобаларын түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өтті.

Жиынды ашқан аудандық пошта байланыс торабының басшысы Роман Кәдірғалиев жиналғандарға семинардың маңызын түсіндіріп, келген қонақтармен таныстырды. Содан кейін сөз алған «Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалының сату бөлімінің басшысы Жанаргүл Кенжешова:

– Қызмет көрсету саласында ұзақ жылдық еңбегі мен мол тәжірибесі бар «Қазпошта» АҚ еліміздің барлық ауылынан өзінің филиалын ашып отыр. Соның арқасында біздің тұтынушыларымыздың да қатары күн санап көбеюде. «Қазпошта» АҚ-ның негізгі қызмет түрлеріне газет-журналдарға жазылу, қаржы аудару, жалақы, зейнетақы, жәрдемақы беру, серіктестер арқылы несие беру, аудару мен жеткізудің бірнеше түрлері кіреді.

Сондай-ақ, қазіргі таңда «Post.kz» сайты арқылы да жаңа қызмет түрлерін қолдануға болады. Одан бөлек, «AliExpress» деген карта түрі айналымға енді. Бұл арқылы Сіз әйгілі «AliExpress» интернет-сауда жүйесінің тауарларын жеңілдікпен ала аласыз, – деді. Содан кейін ауыл тұрғындары көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Дулат МӘТЖАН.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика