Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Вандализмге жол жоқ

«Вандализмге жол жоқ!» ұранымен «Жастар Рухы» Жастар қанаты Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен сақтауға бағытталған республикалық ауқымды акцияны бастады.

Оған «Жастар рухы» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалының мүшелері де белсенді атсалысты. Акцияға қатысқан қаладағы Атырау сервис колледжі мен Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттері қаладағы Жеңіс саябағында орналасқан ескерткіштерді тазалап, қоқыстарды жинауға көмектесті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда ел мен жерге деген жанашырлық – «Адал азамат» тұлғасының ең асыл қасиеттерінің бірі екендігін айтқан болатын. Алайда, соңғы кезде вандализм, әсіресе қорықтар, табиғи саябақтар мен киелі орындарда орын алған келеңсіз оқиғалар туралы хабарламалардың жиілеуіне байланысты Жастар қанаты ұлттық қазынаны қорғауға арналған акцияны бастаған болатын. Осы арқылы тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесіне қоғамның назарын аударып, сондай-ақ, туған жердің табиғаты мен тарихына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруды көздейді, - деді «Жастар рухы» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалының кеңесшісі Жалғас Халелов.

 

Алмас ҚАБДОЛОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521