Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Үздік тауар өндірушілер марапатталды

Атырау  қаласында  облыстық Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстанның үздік тауары-2023» өңірлік көрме-байқауы өтті. 

– Мемлекет тарапынан қазіргі кезде көптеген орта және шағын бизнеске қолдау көрсету мақсатында ұлттық жоба бекітілген. Атырау облысы да соңғы жылдары осы бағытта еліміздің дамуына үлкен үлесін қосып келеді. Қазір облыста 170 мыңнан астам кәсіпкер тіркелсе, оның 400-ден астамы тауар өндірушілер. Соңғы жылдары өңірде осындай іс-шаралар кең көлемде ұйымдастырылуда. Нәтижесінде облыста жыл сайын жаңа өңдеу кәсіпорындары ашылып жатыр. Көрме барысында Қазақстанда жоқ өнімдер шығарған кәсіпкерлермен де танысып отырмын. Ол біз үшін үлкен мақтаныш. Кәсіптеріңіз дами берсін. Атырау облысымыздың бренд ретінде танылуына тілектеспін, - деді облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев. 

Аталмыш көрмеге ауданнан төрт кәсіпкер «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша қатысты. Аталмыш жобаға қатысқан 10 кәсіпкердің арасынан  аудан атынан қатысқан екі кәсіпкер «Үздік иауар өндіруші» атағын жеңіп алды. Олар – Тайсойған ауылдық округінен Фарида Есеева,  Сағыз ауылдық округінен Гүлзира Керімбаева. Ал, миялылық Ләззат Мақсотова мен Қызылқоға ауылдық округінен Ғалымжан Тілеуғалиев облыстық кәсіпкерлер палатасының алғыс хатымен марапатталды. 

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521