Жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру жаңа Конституция жобасының түбегейлі принциптері қатарына енгізілді.
Бұл табиғатқа, туған елге деген жанашырлықты күшейтуге, әрбір азаматтың бойында тазалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын күшейтеді. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауданда түрлі шаралар, акциялар ұйымдастырылып, мыңдаған тонна қоқыс шығарылды. Тал көшеттері отырғызылып, елді мекендер көгалдандырылды. Сондықтан Жаңа Конституция жобасында экологиялық мәдениет пен табиғатқа жанашырлықты түбегейлі принцип ретінде бекіту – мемлекеттің экологиялық қауіпсіздікке, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауға баса назар аударып отырғанын көрсетеді.
Альберт АҚҚАЙНАНОВ,
«Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы



