Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жастар арасындағы ашық диалог алаңы өтті

«Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы» 13 ақпан күні, сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Парламентін реформалау және қоғамдағы әділеттілік пен теңдік мәселелерін жастар арасында талқылау мақсатында «Парламент және жастар: шешім қабылдаудағы жаңа рөл тақырыбында жастар арасындағы ашық диалог алаңы өтті.

Қазақстан Республикасының Парламентіндегі реформалардың мәнін түсіндіру, шешім қабылдау үдерісіндегі жастардың рөлін айқындау, олардың құқықтық және саяси сауаттылығын арттыру, азаматтық белсенділігін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру арқылы қоғамдық өмірге белсенді араласуына ынталандыру. Кездесуге спикер ретінде Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының сеньор-лекторы, заң ғылымының магистрі – Наурызова Венера Кайыржановна мен Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының лекторы, заң магистрі- Бақытова Айдана Жанатқызы қатысты. Атырау облысы бойынша жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының аумақтық жеке сот орындаушысы Кукатов Мейрам Бактиглиевич. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Шараға қатысқан жастар өз ойлары нашық білдіріп, ел болашағына қатысты бастамалар жөнінде ұсыныстарын ортаға салды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT