Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Бибігүл Жексенбай: Конституция преамбуласы – Қазақстанның бейбіт ұстанымының айнасы

АСТАНА. KAZINFORM – Кез келген мемлекеттің өкілі Қазақстан Республикасының Конституциясын танып-білу үшін ең алдымен преамбуланы қарайды. Өйткені мемлекетіміздің негізгі бағыты мен құндылықтары сол бөлімде көрініс табады.

Бұл туралы Сенатор Бибігүл Жексенбай «Референдум-2026» онлайн марафонында айтты. – Конституцияның преамбуласын қараған кезде, еліміздің негізгі бағытын, оның ішінде бейбіт өмірге және бейбітшілікке деген ұстанымын түсінуге болады. Бұрынғы Конституцияда бұл бағыттар айтылғанымен, жаңа жобада нақтыланып көрсетілуі ерекше мән береді, - деді депутат. Бибігүл Жексенбай тарихи миссияға да тоқталды. – Қазақстанның тарихында ешқашан басқыншылыққа ұмтылған мемлекет болмаған. Преамбулада бұл миссия нақтылап көрсетілген. Қазақстан әрқашан бейбіт жолмен, диалог арқылы адамдармен және көрші мемлекеттермен қарым-қатынас жасап, бейбітшілікті бағалайтын мемлекет болып келеді. Бұл – біздің тарихи дәстүріміз бен халықаралық саясаттағы бағытымыздың айқын көрінісі, - деді ол. Депутат Қазақстанның бейбітшілікті іс жүзінде жүзеге асырғанын атап өтті. – Мысалы, ядролық қарудан бас тарту – Қазақстанның алғашқы маңызды қадамы болды, бұл бағытта еліміз әлемдегі алғашқы мемлекеттердің қатарында. Сонымен қатар Сириядағы жағдай бойынша мемлекеттерді татуластыру және бейбіт диалогты орнату сияқты қадамдар да Қазақстанның халықаралық аренадағы бейбіт ұстанымын дәлелдейді. Сондықтан Конституциядағы басты жетістік – преамбуланың бейбіт өмірге деген ұстанымнан басталуы. Бұл біздің халықаралық аренадағы бейбіт саясатын нақты көрсететін маңызды қадам, - деді Бибігүл Жексенбай.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT