Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 15 ақпандағы жарыс кестесі

ЛИВИНЬО. KAZINFORM — 15 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының сегізінші жарыс күні басталды. Бүгін 6 қазақстандық спортшы төрт спорт түрінен жарыс жолына шығады.

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі: 14:00 — тау шаңғысы, алып слалом (әйелдер) Қатысушы: Александра Скороходова. 14:30 — фристайл-могул, параллельді могул (ерлер) Қатысушы: Павел Колмаков. 15:15 — биатлон, із кесу жарысы 12,5 шақырым (ерлер) Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов. 21:03 — конькимен жүгіру, 500 м (әйелдер) Қатысушылар: Кристина Силаева, Арина Ильященко. Осыған дейін хабарлағанымыздай, Илья Мизерных шаңғымен тұғырдан секіруден 8-орын алды. Сондай-ақ Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жеңіске жетуінің сырын осы жерден оқи аласыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT