Конституциялық өзгерістер ел өміріндегі маңызды кезең екендігі анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билік халыққа жақын болуы керек екендігін үнемі айтып келеді. Бұл өзгерістер ел басқару жүйесін жетілдіріп, халықтың мемлекетке деген сенімін арттырады.
Негізгі заңның заман талабына сай бейімделуі – мемлекеттің даму жолына бағыт алғанын көрсетеді. Сондай-ақ жаңа реформа ел дамуының жаңа кезеңін бастап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау күшейтілген. Ең бастысы, бұл аталған дүниелер келер ұрпақ үшін әділетті қоғам қалыптастыруға негіз болады. Сондықтан аталған өзгерістердің маңызы зор. Осы өзгерістер соның нақты көрінісі деп ойлаймын.
Мереке ҚОЖАҒАЛИ,
Ауылшаруашылығы саласының ардагері



