Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Уақытты үнемдеудің тиімді жолын білесіз бе?

Жақында, аудандағы білім беру ұйымдарында электрондық үкіметтің www.egov.kz. порталын қолдану бағытында аудандық білім бөлімі семинарлар ұйымдастырды.

Онда мұғалімдер мен қызметкерлерге электрондық үкімет туралы мәліметтер беріліп, портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны алу мен қолдану тәртіптері, мемлекеттік қызмет көрсетулерді алу жолдары түсіндірілді.

Мәселен, дара кәсіпкерлікті тіркеу, жұмыссыздық, мұрағаттық анықтамалар және лицензия алуға өтініш беру, некені тіркету қызметтеріне электронды үкімет порталына өтініш қалдыруға болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу керек. Электрондық цифрлық қолтаңба – интернет жүйесін еркін пайдалануға мүмкіндік беретін жеке кілт. ЭЦҚ арқылы өзгелерге қолжетімсіз сайттарды ашып пайдалануға, қажетті ақпараттарға қол жеткізуге болады. Сонымен бірге, мекенжай туралы, зейнетақы қоры туралы, меншікте тұрғын үй-жайдың бар-жоғы туралы және жылжымайтын мүліктің ауыртпалығы туралы анықтамаларды жедел алуға мүмкіндік мол.

Бұрын жеке сұрақ бойынша мекеме басшыларына кіру үшін алдын ала жазылып, кезекке тұру қажет болса, қазіргі уақытта электронды үкімет порталы арқылы өзіңізді толғандырған сұрағыңызды қағаз бетіне түсіріп, кез келген басшының электронды мекенжайына жолдай аласыз. Оның жауабы сіздің электронды порталдағы «жеке кабинетіңізге» келіп түседі. Ал, электронды үкімет порталына тіркелу екі нұсқада, яғни, уақытша және ЭЦҚ арқылы тіркелінеді. Порталға уақытша тіркелген жағдайда тек қана төлемдер жүргізіп, қажетті ақпарат алу қызметтерін ғана алуға болады. ЭЦҚ бар болған жағдайда электронды үкімет порталы арқылы ұсынылатын қызметтер түрін толыққанды пайдалана аласыз. Сондай-ақ, порталға ЭЦҚ арқылы тіркелген сәттен бастап сіздің жеке кабинетіңіз ашылып, сұрау салған ақпараттарыңыз жеке кабинетіңізге түсіп отырады.

Бақтыгүл НҰҒМАНОВА,

аудандық білім бөлімінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521