Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тура биде туған жоқ

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын кезекті Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев көптеген мәселелерді қозғай отырып, нақты тапсырмалардың алдағы уақытта оң шешімін табатынына қолдау білдірді.

Соның ішінде, тұрмыс сапасын арттыруда мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарта отырып, біліктілік талаптарын, оқыту әдістерін, тәрбиешілердің, сонымен қатар балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарап, білім беру ісінде креативтілікті, сыни ойлауды және де командада жұмыс істей білуге басты назар аударылатынын баса айтты. Сонымен қатар, орта білім беру жүйесінде де оқытудың жеке бағдарын жасап, оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайта отырып, мектептегі білімді реформалау соңғы сатысында дегенді айтқан еді.

Жолдауда құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер енгізе отырып, полиция қызметкерлерінің жаңа стандарттарын бекіте отырып, осы саладағы қызметкерлердің тек үздіктері ғана өз қызметін жалғастыра алатынын, полиция қызметкерлері жазалаушы емес, қайта қарапайым халыққа қиын жағдайда көмек қолын ұсынушы тұлға ретіндегі түсінікті ұғындыру.

Осы Жолдауда қарапайым халық ретінде маған ұнағаны – сот жүйесінің орындалуын жаңғырту, соттарға деген сенімнің жоғары деңгейде болуы, сот жүйесіндегі кейбір форматтарды заманауи және де озық электронды форматтағы сервиске ауыстыру. Қазақстанда төрт миллион азамат жыл сайын сот процестеріне қатысып, уақыт пен адами күш, мыңдаған қаражат жұмсалса, енді алдағы уақытта аталмыш жұмыстарды алыстан жүзеге асырып, сот жүйесінің сапалы дамуын және де кадр жүйесінің жаңартылуын, үздік заңгерлер мықты судья болуға жағдай жасалып, судьяларға заңсыз ықпал ететін факторларды жою керектігін баса айтқан болатын. Ендеше, осындай негізгі тапсырмаларды жүзеге асыра отырып, толағай табыс пен тұрмысымыздың сапасын арттыру жолында аянбай күресу басты ұстанымыз болғаны абзал.

Назира ЖҰБАНЫШҚЫЗЫ.

Жасқайрат ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521