Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Террорлық әрекетке кешірім болмайды

Қазіргі таңда әлемдегі жаһандану процесі мен шиеленісу әлеуетінің өсуі халықаралық және ұлттық қауіпсіздік ахуалына елеулі әсерін тигізіп отыр.

Діни экстремизм мен терроризм қатері әр мемлекеттің ұлттық мүддесі қорғалу деңгейінің халықаралық қауіпсіздік ахуалына тәуелділігін жоғарылатып, жаһандық сипатқа ие болды.

Осындай жағдайларда радикалдық діни идеологияның таралуына мүмкіндік беретін жағдайларды (факторларды) тиімді жою үшін, сондай-ақ, экстремистік және террористік көріністердің жолын кесу үшін «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» жасақталған. Аталған бағдарламаның мақсаты діни экстремизм көріністерінің алдын алып, терроризм қатерлеріне жол бермеу арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл ретте, 2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» және 1999 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары қабылданды.

Заң талаптарына сәйкес, экстремистік топ құру, сол сияқты оған басшылық ету – мүлкi тәркiленiп, он жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылса, экстремистік топтың әрекетіне немесе оның жасайтын қылмыстарына қатысу – мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады. Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау – алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Сол сияқты, қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру мақсатында жасалған, адам өмiрiне қол сұғу, сондай-ақ мемлекет немесе қоғам қайраткерiнiң мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған оның өмiрiне қол сұғу не халықаралық қорғауды пайдалантын адамдарға немесе ұйымдарға, ғимараттарға, құрылыстарға шабуыл жасаумен, адамды кепiлге алумен, ғимараттарды, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алумен, әуе немесе су кемесін, жылжымалы темiржол составын не өзге де қоғамдық көлiктi айдап әкетумен және басып алумен ұштасқан адам өмiрiне қол сұғу – мүлкі тәркіленді. Сондықтан, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге немесе өмір бойына бас бостандығынан айырып, өлiм жазасына жазаланады. Қазақстан Республикасының 23 шілде 1999 жылғы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» №451 Заңы 2 бабының талаптарына сәйкес, мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария eтуге, экстремизм немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңінде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды, сондай-ақ қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға жол берiлмейдi.

Қорыта айтқанда, елімізде экстремизмді немесе терроризмді насихаттап, оны қаржылай қолдау, қақтығыстарға қатысып, адамдарды үгіттеу, ұлтаралық және діни наразылықтарды тұтандырған тұлғаларға қатысты қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделген. Сондықтан, экстремизм мен терроризмнің алдын кесіп, ел болашағын сызат түсірмеу әрццбір азаматтың парызы.

Ринат СҮЙІНОВ,

аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыстар жөніндегі бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521