Ұзақ жыл Қызылқоға аудандық мәслихат хатшысы болған Толқын Бейсқали бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Бұл туралы партияның аудандық филиалында өткен жиында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев хабарлады.
– Баршаңызға белгілі осыдан бір ай бұрын елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен жергілікті мәслихат депуттатарының кезекті сайлауы өткен болатын. Аталмыш сайлауда облыстық мәслихат депутаты болып сайланған Толқын Бейсқали бүгін партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары бұйрығымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Толқын Ермекқызы бәрімізге жақсы таныс. Ұзақ жыл мәслихат хатшысы болып жемісті еңбек етті. Бүгін жаңадан лауазымды қызметке тағайындалып отыр. Ендігі міндет – партияның сайлауалды бағдарламасында айтылған міндеттер мен жоспарларды орындап, халық сенімін шығу, – деді.
Өз кезегінде сөз алған Толқын Бейсқали сенім білдірген партияластарына алғыс айтып, алдағы уақытта бірлесе жұмыстар атқаратындығын жеткізді.