Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялыда жаңа отбасылық кафе ашылды

Дүйсенбі күні Миялы ауылында «Берекет» отбасылық кафесінің ашылу салтанаты өтті. «Бизнес-кеңесші» жобасы арқылы кәсіпкерлік бағытта білім алған жеке кәсіпкер Салтанат Қаленова жолдасымен бірге балалар ойнайтын жабық алаң жобасын ұсынып, 1 миллион 800 мың теңге мемлекеттік грант алған болатын. Алғашында тек ойын алаңы ретінде ашылған бұл жоба бүгінде үлкейіп, «Берекет» отбасылық кафесіне айналды. Нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры Елемес Олжабаев «Бұл ауданға керекті тың жоба» деп баға берсе, «Keryen» ЖШС директоры Октябрь Нұрадинов:

– Қазір ауданда біраз жобалар жүзеге асып жатыр. Алайда, дәл осындай бір жағына балалар ойнатып, бір жағына тамақтанатын отбасылық кафе болмай жүр еді. Бүгін бұл олқылықтың орны толды. Жас кәсіпкердің бұл жобасына тек қана сәттілік тілейміз, – деп, нысанның лентасын салтанатты түрде қиды.

Бір уақытта 30 адамға дейін сиятын бұл кафе ойын алаңы, жалпы зал және VIP бөлмеден тұрады. Осы орайда, қазіргі карантиндік шектеулерге байланысты кафе кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс жасайтындығын айта кеткен абзал.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521