Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТІРКЕУ КӘУЛІГІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

«Арман» мәдениет» үйінде «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары ауған соғысы ардагерлерімен кездесті.

Кездесуді ашып жүргізген Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Нұрлыбек Мұса ауған соғысы ардагерлерін құттықтап, 10 жылға созылған соғыс тарихын қысқаша таныстырып өтсе, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Анарбек Муталяпов, ауған соғысының ардагерлері Амандық Мұрынов пен Нұрман Мажеков мерекелік лебіздерін білдіріп, биылғы жылы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тіркелген 2003 жылы туған оқушыларға тіркеу куәлігін табыс етті.

Шара барысында Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің оқушылары Калашников автоматын бұтарлап, қайта жинаса, Ш.Еркінов атындағы орта мектебінің оқушылары қаруды әскери тәртіп бойынша кеудеге қою, арқа мен иыққа ілу мәнерлерін ұсынып, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары жалпы әскери қорғаныс жиынтығын (ОЗК), Б.Аманшин атындағы орта мектебінің шәкірттері газқағардың (противогаз) кию тәртібін көрсетті. Сондай-ақ, кездесу барысында қатысушыларға ЛЭД экран арқылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің сарбаздар мен сержанттар, кіші, аға және жоғары офицерлер құрамдарының әскери шендерінің айыру белгілері мен техникаларын таныстырды. Кездесу соңында оқушылар ауған соғысының ардагерлерімен сұхбаттасып, естелік суретке түсті.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521