Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«ТАТУЛАСТЫРУ – ТАҒЫЛЫМДЫ ІС»

Аудандық соттың үлкен мәжіліс залында осындай тақырыпта өткен дөңгелек үстелдің мақсаты – биылғы жылы тізілімге жаңадан енгізілген қоғамдық медиаторларғамедиацияның жүргізу талаптарын түсіндіріп, заңдағы жаңашылдықтар мен өзгерістерді насихаттау. Оған округтердегі қоғамдық медиаторлар, билер кеңесінің мүшелері, медиация жұмысына жауапты мамандар қатысты.

Жиынды ашып, жүргізген аудандық соттық төрағасы Айдын Байназаров:

– Биылғы жылы аудан бойынша қоғамдық медиаторлар тізіліміне енген 20 адамның басым бөлігі жаңадан келгендер. Сондықтан оларға медиация заңын таныстыра отырып, міндеттерін түсіндіруіміз қажет. Бұл ретте, қоғамдық медиатордың негізі міндеті – сан алуан мәселелерді талқылап, екі тарапқа өзара қолайлы шешім қабылдауы тиіс. Мәселен, соттың алдына келген екі тараптың бірі жеңіп, бірі жеңіліп шығатын болса, медиатордың алдына келген екі тарап та ренжімейтіндей өзара келісімге келуі керек. Олардың ортақ шешімге келулеріне медиатор тікелей ықпал етуі тиіс, - деді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне, «Медиация туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсінік берген сот төрағасы Азаматтық процестік кодекске татуластыру рәсімдерін қолдану саласын кеңейтетін «Сотқа дейінгі хаттама» деп аталатын жаңашыл норма енгізілгендігіне, тараптарға сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарына тоқталды.

Жиынға қатысушы Қазақстан халқы ассамблеясының Қызылқоға ауданы бойынша сарапшы маманы Надежда Стомманың айтуынша, өткен жылы облыс бойынша онлайн оқуға қатысқандар, сертификат алды. Бірақ біздің ауданнан қатысушылар аз болды. Қазіргі уақытта онлайн оқытуды одан әрі дамыту қолға алынды.

Бұл әсіресе медиаторларларға өте керек. Олар осы оқудан медиаторлық жұмыстарына қажетті көптеген мағлұмат алады. Сондықтан, медиаторлар онлайн оқуға қатысқандарыңыз жөн, - деді Надежда Стомма.

Дөңгелек үстелде қоғамдық медиаторлар Құбайдолла Жексембі, Ығылман Жарас, Жангелдин ауылдық округінің  бас маманы Дулат Мырзагереевтер медиация туралы пікірлерін білдіріп, кейбір күрделі дауларды шешу бағытында кеңессұрады.

Сондай-ақ, шараға қатысушылар ел ішінде татулықты сақтау бағытында дауды сотқа жеткізбей бейбіт жолмен шешуде билер кеңесі мен медиаторлардың жұмыстарын жандандырудың маңызы зор екенін жеткізді.

Бауыржан САҚТАСИНОВ.

Суретті түсірген автор

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT