Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ СЕРУЕН

Қашанда балаларға ерекше көңіл күй сыйлап, әрдайым олардың жанынан табылатын жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесінің қызметкерлері күз мезгілінің ерекшеліктерін таныстыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі балалармен бірге табиғат аясына серуенге шықты.

Алдымен аталмыш бөлімше директоры Гаухар Қанашева сөз алып:

– Орталықта әрдайым балалардың өмірге деген қызығушылығын оятып, олардың көңілін табу үшін барымызша тырысып жатамыз. Мүмкіндігі шектеулі жандар ешқашан қоғамнан бөлініп қалмауы керек. Балаларға мықты денсаулық, ата-аналарының көз қуанышы болсын деп тілейміз,- деді.

Күннің салқындығына қарамастан ерекше күтімді қажет ететін балалар өз өнерлерін көрсетіп, әсем ән де айтты, би де биледі. Күз ханшайымын ортаға алып естелік суретке түскен ата-ананың да, балалар мен бөлімше қызметкерлерінің де көңілдері жайдарлы. Балаға кішкене де болса қуаныш сыйлау үлкен жұмыс. Әр баланың жанынан табылып, олардың көңілін аулап жүрген әлеуметтік сала қызметкерлерінің жұмысы мақтауға тұрарлық.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521